Maм 31, 2020 15:19 Asia/Almaty
  • Қазақстанда «Күнге сәлем!» атты виртуалды суреттер көрмесі өтеді

Қазақстандағы Иран елшілігі жанындағы мәдени орталығының ұйыдастыруымен Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болуының 31 жылдығына байланысты «Күнге сәлем!» атты виртуалды суреттер көрмесі өтеді.

Мәдениет және исламдық бағдар ұйымының қоғамдық қатынас бөлімінің мәліметінше, көрмеде имамның жасөспірім, жастық шағы мен Ирактағы, Францияның Нофль-ле-Шато қаласы мен отанына оралған кезеңі, сондай-ақ имам Хомейнидің шетелдік қайраткерлер мен халық және басшылармен кездесулері, отбасы мен перзенттері арасындағы және миллиондаған халықтың имамды жерлеу рәсіміне қатысуы туралы суреттер көрсетіледі. Айта кететін жайт, бұл көрме имам Хомейнидің өзі мен қоғам, саясат пен отбасыға деген көзқарастарымен таныстыру мақсатында 2 маусымнан бастап виртуалды түрде өтеді.

 

Сараптама