Маусым 02, 2020 17:39 Asia/Almaty
  • Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин блокпостары алынды

Қазақстанның Министрлер кабинеті мен коронавируспен күрестегі үкіметтік органдар ортақ комиссиясының шешімімен кешеден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматыда бүкіл карантин блокпостары алынды.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, осыдан екі ай бұрын елде төтенше жағдай жарияланған кезде Алматыда 27, Нұр-Сұлтанда 6 блокпост орнатылған болатын.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов баспасөз отырысында 5 маусымнан бастап, дезинфекциялық шараларды сақтап, автобустар мен минибустардың жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын бастайтынын хабарлады.

 

 

 

 

Сараптама