Шіл 15, 2020 15:46 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары қайтыс болды

Кеше 14 шілдеде Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұл хабарды растады, бірақ Құрманбаевтың өлімінің себебін айтпай, нақты мәліметті кейін жариялайтынын мәлімдеді. Қазақстанның кейбір ақпарат құралдарының мәліметінше, Қорғаныс министрінің орынбасары коронавирусқа шалдыққан болатын.

Сондай-ақ кеше Қазақстан қорғаныс министрінің идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі  бұрынғы орынбасары, "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі  Әмірбек Төгісов те қайтыс болды. Әмірбек Тоғысовты білетін адамдардың айтуынша, ол коронавируспен ауырған.  

 

Сараптама