Там 09, 2020 15:40 Asia/Almaty
  • Қазақстанда халық санағы кейінге шегерілді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, коронавирустың өршуі және республика бойынша карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты қалыптасқан жағдайға сәйкес Қазақстанда халық санағын 2021 жылдың қазан айына дейін кейінге шегеруге шешім қабылданды.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша, ұлттық санақ жүргізу әдісі өзгермейді, яғни 1 қазаннан 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. 1-30 қазан аралығындағы санақ физикалық түрде өтеді.
 

Қазақстандағы халық санағы биылғы жылдың 1 қазанында басталып, бір айға созылады деп жоспарланған болатын.

 

 

Сараптама