Там 12, 2020 16:26 Asia/Almaty
  • Қазақстанда коронавирустың қауіптірек түрі анықталды

Қытай басшылары Қазақстанда коронавирустың жаңа қауіптірек түрі таралғанын хабарлады.

«Тасним» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Қазақстандағы Қытай елшілігі бұл елде биылғы жылдың алғашқы жартысында қауіпті вирус жұқтырған 1772 адам, соның ішінде бірнеше қытайлық анықталғанын хабарлады.

Қытай елшілігі өз азаматтарынан коронавируспен күрес тәсілдерін осы қауіптірек вируспен күреске де қолдануды сұрады.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл жаңа ауру – өкпе қабынуының танылмаған бір түрі. 29 маусым мен 5 шілде аралығында елде осы вирусқа шалдыққан 32 мыңнан аса адам анықталып, 451 адам қаза тапты.

Басқа жағынан Қазақстан астанасындағы медициналық күтім бөлімінің басшысы күніне жаңа өкпе қабыну ауруына шалдыққан 300 адам ауруханаларға келетінін айтты.   

Сараптама