Там 14, 2020 00:09 Asia/Almaty
  • Тоқаев Путинді коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге хат жолдап, әлем бойынша коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тоқаевтың хатында: «Бұл жаңалық Ресейдегі ғылымның жоғары потенциалын растайды. Сондай-ақ,  Мәскеудің әлемге қатер төндірген қауіппен күрестегі негізгі рөлін көрсетеді. Біз осы қиын-қыстау кезеңде әлем елдерінің қолдауына ие болдық. Нұр-Сұлтанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруында айтырлықтай рөл ойнаған ресейлік дәрігерлер тобы мен жіберілген гуманитарлық көмектер үшін алғыс айтамыз,-делінген.  

Қазақстан Президенті екі елдің осы саладағы әріптестігін оң бағалады.

Оның айтуынша, тамыз айының екінші жартысында Қазақстан үкіметінің делегациясы коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін қарастыру үшін Мәскеуге барады.

Сараптама