Там 14, 2020 18:25 Asia/Almaty
  • 17 тамыздан бастап Қазақстанда халықаралық рейстер ашылады

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 17 тамыздан бастап халықаралық рейстердің қайта ашылатынын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирустың алдын алу саласындағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, ДДСҰ картасына сәйкес 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия, Нидерланд, Египет, Украина және Ресей елдерімен арадағы халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қайта ашылады. 

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер негізінде тұрақты рейстерді қайта ашу мәселесі Қазақстанның тиісті министрлігі мен аталмыш елдердің әуе тасымалы басшыларымен талқыланды.  

Сараптама