Қыр 14, 2020 20:09 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға дайын

Қазақстан Президенті Қытайдың Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Қазақстанның өнім өндірушілері Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе дәнді-дақылдарды экспорттауда жоғары әлеуетке ие»,-деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдауында екі ел арасында экономиканың түрлі салаларына, соның ішінде ауыл шаруашылығына инвестиция салу жобаларын орындау қажеттігін қуаттады.

Қытай Сыртқы істер министрі осы кездесуде: «Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан – Қытайдың аймақтағы маңызды стратегиялық серіктесі. Бейжің екі ел халықтарының игілігі жолында әріптестікті жан-жақты дамытуға және нығайтуға дайын»,-деді.

Ван И, сондай-ақ,  Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп,  Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ықпалдастықты дамытуға тоқталып, «Бір белдеу – бір жол» жобасын орындауды екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға қолайлы шешім жолы деп атады.

Тегтер

Сараптама