Қыр 25, 2020 15:35 Asia/Almaty
  • Қазақстан өлім жазасын қолданбау туралы халықаралық пактіге қосылды

Қазақстан үкіметі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қойды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл құжатқа БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың қол қойғанын мәлімдеді. Бұл құжат бойынша, оған қол қойған мемлекет өлім жазасын қолданбайды және өлім жазасын алып тастау үшін барлық қажетті шараларды орындауға келіскен болып саналады.

2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  елдің Сыртқы істер министрлігіне Нұр-Сұлтанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу жұмыстарды жылдамдатуды бұйырған.

 

Тегтер

Сараптама