Қаз 22, 2020 17:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның ортақ консулдық комиссиясының 9-шы отырысы өтті

Теһранда Иран мен Қазақстанның ортақ консулдық комиссиясының 9-шы отырысы өтті.

Сәрсенбі күні Иран СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің бас директоры Махмұд Адиб пен Қазақстан СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің бас директоры Бауыржан Ақатаевтың төрағалығымен өткен осы отырыста тараптар іскерлік, туристік және дипломаттық визалар беруді жеңілдету, екі ел азаматтарына консулдық қолдау көрсету, ұйымдастырылған қылмыстар мен есірткі заттары контрабандасымен күресу, сот істері жөнінде әріптестік жасауға қатысты келісімдермен алмасуға келісті.  

Қазақстан үкіметі ресми түрде Иранды электронды виза беретін елдер тізіміне қосты. Коронавирусқа қатысты шектеулер аяқталғаннан кейін Иран азаматтары Қазақстанға бару үшін электронды виза немесе елге кіреберіс әуежайда виза ала алатын болады.

Тегтер

Сараптама