Қаз 24, 2020 15:33 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Иранның консулдық отырысы өтті

Қазақстан мен Иранның консулдық комиссиясының 10-шы отырысы видео форматта өтті.

Иран мен Қазақстанның ортақ консулдық комиссиясының 9-шы отырысында қазақстандық делегацияны Қазақстан СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің бас директоры Бауыржан Ақатаев және ирандық делегацияны Иран СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің бас директоры Махмұд Адиб басқарды.

Бұл отырыста екі жақ консулдық саладағы екі елдің ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылады. Құқықтық мәселелер, виза және екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бұл отырыста талқыға салынған келесі тақырыптар болды. Отырыстың соңында келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Иранның  консулдық комиссиясының 8-ші отырысы 2018 жылдың 13-14 қарашасында Теһранда өткен болатын.

 

Тегтер

Сараптама