Қаз 26, 2020 16:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанда халықаралық рейстер тізімі жарияланды

Қазақстан қазіргі коронавирус таралған шақта 11 елге халықаралық рейс жасауға рұқсат берді.

26 қазаннан бастап 11 ел Қазақстанға әуе рейстерін жасауға рұқсат алды. Қазақстанның халықаралық авиция комитеті жариялаған тізімде Түркия (33 рейс), Оңтүстік Корея (2 рейс), Нидерланды (2 рейс), БАӘ (16 рейс), Беларусь (4 рейс), Германия (4 рейс), Украина (1 рейс), Өзбекстан (2 рейс), Мысыр (2 рейс) мен Қырғызстан (2 рейс) Қазақстанға қатынауға рұқсат алды.

Ирандық әуе компаниясы Теһран-Алматы-Теһран бағытында айына бір рет қатынап тұрған. Алайда Қазақстанның халықаралық авиция комитетінде толық тіркеуден өтпегендіктен аталмыш тізімге енгізілмеді.

Тегтер

Сараптама