Қар 23, 2020 17:14 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы парламенттік сайлаудың үміткерлері жарияланды

Қазақстанның Халық партиясы (бұрынғы Коммунистік партия) алдағы парламенттік сайлауға қатысатын өз үміткерлерінің саны мен есімдерін жариялады.

 

Қазақстан Халық партиясының өкілі Жамбыл Ахметбеков партияның атынан алдағы парламенттік сайлауға 125 үміткердің қатысатынын хабарлады. Оның мәліметінше, аталмыш партияның үміткерлері партиялық жұмыстары бойынша халық мәселелерін шешуге қатысатын адамдар және дәл осы мәселе Халық партиясының пардаменттік және жергілікті кеңестер сайлауына қатысуына әкелді. Қазақстанның парламенттік сайлауына қатысатын үміткерлердің тіркелуі 30 қарашаға дейін жалғасады. Сондай-ақ үгіт-насихат  10 желтоқсанда басталып, 2021 жылдың 9 қаңтарына дейін жүргізіледі.

Қазақстанның парламенттік сайлауы елдің алты, атап айтқанда билік басындағы «Нұр Отан», "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Бірлік" саяси партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатысуымен 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

 

Тегтер