Қар 24, 2020 21:08 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан кеме қатынасы саласында әріптестікті арттыру қажеттігін қуаттады

Иран мен Қазақстан арасындағы теңіз және тас жол қатынасы туралы вебинарда екі елдің кеме қатынасы саласындағы әріптестігін арттыру қажеттігі қуатталды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің сейсенбі күні хабарлауынша, Иран мен Қазақстанның айлақтар, теңіз және тас жол тасымалына қатысты басшылары қатысқан вебинарда тараптар екі елдің айлақтары арасында кеме қатынасын жалғастыру қажеттігін баса айтып, айлақтағы қызметтерге қатысты өзара жеңілдіктер беру және тауар көлемін арттыру, виза беруді жеңілдету, кемені босату және жүк тиеу уақытын азайту туралы келісті.

Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер екі ел арасындағы кеме қатынасының соңғы сәтті үлгілерін атап өтіп, оны жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, мұны екі ел қатынасындағы бетбұрыс нүктесі деп атады.