Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында экстрадициялау туралы келісім бекітілді
Қаң 20, 2021 22:34 Asia/Almaty
Қазақстан парламентінде «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов: «Қазақстан Конституциясына сәйкес үкімет шетелдегі азаматтарың қорғалуына кепілдік береді. Сотталғандарды елге ауыстыру жазасын өтеуіне бір жыл қалған кезде және сотталған адамның келісімімен ғана мүмкін болады», - деді. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның түрмелерінде кісі өлтірді деген айыппен 25 қазақстандық және Оңтүстік Кореяның бір азаматы Қазақстанда қамауда отыр.