Қаң 21, 2021 19:46 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрін қамауға алу мерзімі ұзартылды

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қорғаушысы Дмитрий Куряченко оны қамауға алу мерзімінің ұзартылғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Куряченко: «Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы бір мамандандырылған сот осы елдің бұрынғы денсаулық сақтау министрін қамауға алу мерзімін ақпан айының соңына дейін ұзартты»,-деді.  

Біртанов 2020 жылы 3 қарашада бюджеттен ақша жымқырды деген айыппен қамауға алынып, сол кезде-ақ үйқамаққа шығарылған болатын.