Қаң 24, 2021 21:05 Asia/Almaty
  • Қазақстанда баламалы үкімет құру туралы бастама көтерілді

Қазақстанның "Ел тірегі" атты тіркелмеген партиясының ұйымдастырушы комитетінің басшысы бұл елде халықтың бақылауында болатын баламалы үкімет құрғысы келетінін хабарлады.

Қазақстанның Мәжіліс палатасында "Нұр-Отан" партиясының өкілі болған Нұржан Әлтаев баспасөз отырысында: "Ел парламентіне аталмыш партия мен оған қарасты ұйымдардың өкілдері қайта келгенінен кейін еш өзгеріс болмады. Министрлер кабинетінің бұрынғы құрамы сақталған соң "Ел тірегі" атты тіркелмеген партия бірінші рет елде халықтың бақылауында болатын баламалы үкімет құрудың қажеттігін жариялайды",-деді.

Әлтаев: "Баламалы үкімет – қалыптасқан тәжірибе. Мысалы, Ұлыбританияда осындай Министрлер кабинеті үкімет тарапынан толық қолдау тауып, бюджетпен қамтамасыз етіледі",-деді.

Нұржан Әлтаев баламалы үкіметтің негізгі міндетін қазіргі үкімет жұмысының үздіксіз бақылауда болатынына кепілдік беру деп атады.

Әлтаев баламалы үкімет мүшелерінің министрлердің барлық іс-әрекеттерін жіті бақылап, қажет болған жағдайда принцип пен тәжірибе негізінде реакция білдіретінін айтып: "30 күннің ішінде Қазақстанда баламалы министрлер кабинеті құрылады",-деді.

Тегтер