Сәу 09, 2021 17:03 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Нұр-Сұлтанда кездесті

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері маңызды олардың ішінде Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыстағы аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сергей Лавров Мұхтар Тілеубердімен кездесіп, екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастар, транзит және көлік, энергетика, әскери-техникалық салалардағы қазіргі жағдай мен даму келешегін талқылады. Олар сондай-ақ Достастық, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесі сияқты халықаралық ұйымдар мен аймақтық одақтары шеңберіндегі Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ресеймен одақтастық қатынастарды өз елі үшін өте маңызды деп атады.

 

Тегтер