Маусым 05, 2021 12:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Армения басшылары өзара қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады

Қазақстан мен Армения басшылары әсіресе сауда-саттық саласында өзара қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады.

Армения Президенті Армен Саркисян Қазақстанға сапарында  осы елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі ел арасында саяси-экономикалық, сауда-саттық және мәдени байланыстарды дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.  

Армен Саркисян осы кездесуде: «Қазақстан мен Арменияда сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан ары кеңейтуге қажетті әлеует жетерлік»,-деді.

Тоқаев осы кездесуде Армения үкіметі делегациясының Қазақстанға сапарының нәтижесін оң бағалап: «Екі ел өзара сауда-саттық байланысын кеңейтуге талпынып жатыр»,-деді.

Екі ел басшылары, сондай-ақ, Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік  туралы шарт ұйымы аясындағы әріптестік перспективасын талқылады.

Тегтер