Маусым 13, 2021 15:06 Asia/Almaty
  • Еуроодақтың арнайы өкілі мен Қазақстан Сыртқы істер министрі кездесті

Еуроодақтың арнайы өкілі Қазақстан Сыртқы істер министрімен екі жақты ынтымақтастық туралы сұхбаттасты.

Еуроодақтың Орта Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Питер Буриан аймаққа кезекті сапары барысында Нұр-Сұлтанға барып, Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. 

Тілеуберді мен Буриан аймақтық және халықаралық мəселелер, соның ішінде Қазақстан мен Еуроодақтың стратегиялық қарым-қатынасын нығайту, осы одақтың Орта Азияға арналған жаңа стратегиясы аясында əріптестік жасау жайлы сұхбаттасты.

Коронавирусқа қарсы вакцинация да талқыланған тақырыптардың бірі болды.

Еуроодақтың арнайы өкілі, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхановпен кездесіп, саясат, сауда және экономика салаларында əріптестік жасау туралы пікір алмасты. 

Тегтер