Маусым 23, 2021 16:05 Asia/Almaty

Қазақстанның денсаулық сақтау саласының басшылары елде вирустың үнді штаммының таралғаны туралы хабарлады.

 

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Александр Цой бұл елде коронавирустың жылдамдықпен таралатын үнді штаммының анықталуын мәлімдеді. Статистика бойынша, науқастардың 56 пайызында жоғары жылдамдықпен таралатын үнді штаммының ықтималдығы анықталды. Індеттің үнді штаммына шалдыққандарда жаңа симптомдар байқалуда: буындар мен іштің ауыруы, тіпті есту қабілетінен айырылу қаупі бар.

Қазіргі уақытта қызыл түсте тек Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы тұр және бұл қалада үнді вирусының басталуымен қатаң ескертулер жасалып, карантиндік шектеулер енгізілді. Қазақстанда коронавирустың таралуы басталғаннан бері 410523 адам індетті жұқтырды және одан 49 адам қайтыс болды.

 

Тегтер