Шіл 15, 2021 20:23 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі дүниеден озды

Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі бүгін, бейсенбі күні таңертең 74 жасында дүниеден озды.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бейсенбі күні осы елдің бұрынғы бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің дүниеден озғанын растап: «Ол соңғы күндері пневмония салдарынан жан сақтау бөлімінде жатқан болатын»,-деді.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осы дінтанушы, шығыстанушы әрі исламтанушы ғалымның жанұясы мен достарына көңіл айтып: «Марқұм Дербісәлі бүкіл саналы ғұмырын имандылыққа арнап, ислам дінін халыққа дұрыс жеткізу ісіне өлшеусіз еңбек сіңірді»,-деді.

Дербісәлі 2000 жылы маусымнан 2013 жылы ақпанға дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы және Орта Азия мүфтилері кеңесінің басшысы қызметін атқарды.

Тегтер