Шіл 29, 2021 16:00 Asia/Almaty
  • Алматыда Иран мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық отырысы өтті

Алматыда Иран мен Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастыру мақсатында отырыс өтті.

Иран мен Қазақстанның кәсіпкерлері, экономикалық белсенділері мен компания басшылары қатысқан бұл отырыста ИИР-ның Алматыдағы бас консулы Мохсен Фоғани сөз сөйлеп, Ғадир-е Хом мерекесімен құттықтап, екі елдің әлеуметтері мен мүмкіндіктерін талдады.

Иранның Алматыдағы бас консулы: «Соңғы бірнеше айда Қазақстанның сауда-экономикалық басшыларымен болған кездесулерді ескере отырып, ирандықтардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медициналық қызметтерге инвестиция салуға және инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттауға көп мүмкіндігі бар»,-деді.

Фоғани Иран мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуды екі елдің сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі деп атап: «Әлеуеті мол Иран Қазақстанмен Каспий теңізі арқылы көршілес болғандықтан әуе, құрлық және теңіз жолдары арқылы ирандық тауарларды экспорттауға зор мүмкіндігі бар»,-деді.

Бұл отырыс Иран мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасын дамыту мақсатында өтті. 

Тегтер