Там 10, 2021 18:20 Asia/Almaty
  • Семейдегі Абай мұражайында Ираннан жіберілген екі сыйлық сақтаулы

Қазақстанның Семей қаласындағы Абай мұражайында Ираннан жіберілген екі сыйлық сақтаулы. Оның бірі – «Абай портреті».

Ол 1995 жылы Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай сол кездегі Иран президенті аятолла Хашеми Рафсанджани атынан сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту етілген.  

Ал екіншісі – «Абай 175» кілем-картинасы. Ол 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  Иранда тұрып жатқан қазақ қызы Г.Ж. Омарханова атынан Абай мұражайына тарту етілді.

Бүгін, 10 тамыз Қазақстанда Абай күні тойланып жатыр. Соған орай Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосы тілшісінің 2021 жылы жазда Абай мұражайында түсірген суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.    

Х.Рафсанджанидің сыйлығы
Г.Ж. Омарханованың сыйлығы
Абай мұражайы

 

Абай мұражайы
Абай мұражайы

 

Тегтер