Там 16, 2021 03:20 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Қазақстан елшілігінде «Қазақстанның жетістіктері» атты фотосурет көрмесі өтті

15 тамызда ИИР-дағы Қазақстан елшілігінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстанның жетістіктері» атты фотосурет көрмесі өтті.

Қазақстан республикасының Ирандағы елшілігінің кеңесшісі Ғамзат Хаиров Pars Today ақпарат агентігі тілшісіне берген сұхбатында: «Бүгін біз ирандық достарымызға, осында тұрып жатқан қандастарымызға ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап фотосурет көрмесін ұйымдастырдық. Көрмеде саяси-экономикалық, тарихи және мәдени тақырыптардағы суреттер, соның ішінде Қазақстан дамуының алғашқы жылдарындағы басты оқиғалар мен айтулы кездесулерге қатысты фотодеректер, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігін көрсететін суреттер жұрт назарына ұсынылды. Сонымен қоса, біз бір бейнебаян көрсетіп, Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктерін санамалап өттік»,-деді.

Қазақстан елшілігі
Ғамзат Хаиров - Ирандағы ҚР елшілігінің кеңесшісі
Көрме қонақтары

 

Тегтер