Қыр 10, 2021 15:42 Asia/Almaty
  • Тоқаев: Әлемдік қауымдастық Ауғанстанды жалғыз қалдырмауы тиіс

Қазақстан Президенті әлемдік қауымдастықтың осындай қысылтаяң шақта Ауғанстанды жалғыз қалдырмайтынына үміт білдірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Нұр-Сұлтандағы шет елдердің бірқатар жаңа елшісінің сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде: «Талибан ұстамды позиция білдіріп, келіссөз жүргізуге дайын болатынына үміттенемін»,-деді.

Тоқаев: «Ауғанстанда жылдам болып жатқан өзгерістер аймақтағы қауіпсіздік  мәселелеріне назардың артуына себеп болды»,-деді.

Тоқаев: «Қазақстан Ауғанстанда қатыгездік, есірткі контрабандасы, жөн-жосықсыз миграцияның алдын алу үшін басқа елдермен әріптестік жасауға дайын. Ауғанстан тәуелсіз, біртұтас әрі тұрақты елге айналуы тиіс. Бұл елдің өз көршілерімен бейбіт әрі тату өмір сүргенін қалаймыз»,-деді.

Тегтер