Қаз 18, 2021 19:46 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ирандағы елшісі: Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуы мүше елдерге пайдалы болмақ

Қазақстанның Ирандағы елшісі: Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуы осы ұйымға мүше аймақ елдері үшін өте əсерлі де пайдалы болмақ",-деді.

Асхат Оразбай дүйсенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болып кіргеніне байланысты аймақ елдерінің интеграциясы артатынына тоқталып: "Иранның осы ұйымға қосылуы бүкіл аймаққа пайдалы. Иран - экономика тұрғысынан өте мықты ел. Иранның қосылуы  Шанхай ұйымы аумағындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасқа жəне экономикалық бағдарламаларды орындауда өте əсерлі болады. Ұйымға мүше елдерде халық санының көптігін ескерсек, барлық елдерге жəне Иранның өзіне де пайдалы болады",-деді. 

Сондай-ақ Асхат Оразбай АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларына тоқталып: "Санкциялар сауда қатынасына əсер етеді. Сонда да кейбір тауарлар, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жібере аламыз. Саясат, мəдениет жəне спорт салаларында да Иранмен байланыс бар",-деді.

Тегтер