Қаз 19, 2021 03:28 Asia/Almaty
  • ҚазҰУ. Алматы
    ҚазҰУ. Алматы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады.

Бұл университеттің 85 жылға жуық тарихы бар. Ол Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау-көзі болып табылады. Екіншіден, еліміздегі ұлттық статусты иеленген университеттердің алдыңғы қатарында тұр. Қарап отырсақ, университет әлемнің жүзден аса ірі оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен тұрақты байланыс орнатқан екен. Бұл да ерекше артықшылық. Үшіншіден, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайды.Ол – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша бірінші орында, мемлекетіміздің тарихында алғашқы болып Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 220-орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.

Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді. Соның бірі ЖОО дейінгі білім беру факультеті 1985 жылғы 15 тамызда Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы елдеріне кадрлар дайындау мақсатында 100 шетелдік студентті оқыту үшін ашылған (КСРО жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің 1985 жыл, 19 шілде, №452 бұйрығы негізінде) шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің негізінде 2011 жылы құрылды. Факультет ректор Ө.А.Жолдасбековтің бастамасымен ашылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Шет елдегі қандастарды бір шаңырақтың астына жинау, қазақтың санын көбейту, бұл әу баста тәуелсіздік таңы атып, ел еңсесін көтергеннен бастап бірге көтеріліп келе жатқан өте маңызды саяси жоба.

2001 жылдан бері шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге дайындап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесін жүзеге асырып келген кафедра ұжымы 2010 жылдан бастап Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан және Ауғанстан Республикасының білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде Ауған-Иран тыңдаушыларына мемлекеттік бағдарлама бойынша білім беруде. Факультетіміздің басшылары Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы т.ғ.к. профессор  Ж.Е. Жаппасов  пен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мырзабеков М.С. басқаруымен елеулі жұмыстар атқарылып жатыр. Кафедра қазақ диаспорасы тыңдаушыларын тұтас бір жылдық дайындық ішінде мынадай пәндер бойынша: қазақ тілі/оқу сауаттылығы/, Қазақстан тарихы, математика мен таңдау бойынша, биология, химия, физика, география, әдебиет пәндерінен әзірлеуді толық жүзеге асырады. Кафедра оқытушылары  тыңдаушыларды ЖОО бағдарламасындағы барлық пәндер бойынша кешендік тесті тапсыруға дайындап жатыр. Тыңдаушылардың білім деңгейі ай сайын тест орталығының мамандары дайындаған тесттермен айқындалып отырады.

Идрисова Гүлжан Асанқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

ЖОО дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы

Дереккөзі: http://kaznu.kz

Ескерту: Мәтін өзгертілмей берілді.

Тегтер