Қаз 24, 2021 21:57 Asia/Almaty
  • Алла елшісінің мінез-құлқы - барша адам баласына үлгі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі: "Алла елшісінің мінез-құлқы - барша адам баласына үлгі",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан əкімшілігі тарапынан 18 қазан "Діни түсіністік" күніне орай өткен "Заманауи түйткілдер кезінде діндер мен мазхабтар арасында үйлесімнің қажеттігі" атты халықаралық конференцияда: "Алла елшісі хазірет Мұхаммед Мұстафа  (с.ғ.с) Мекке қаласын рақым көзімен басып алғанда басқа діндердің рəсімдеріне құрметпен қараған",-деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі: "Біз бұл істі кез келген сала басшысына бір маңызды дəріс əрі естен кетпес мысал деп түсінуіміз керек",-деді.

Наурызбай қажы Тағанұлы: "18 қазан Қазақстанда елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Діни түсіністік" күні деп жарияланған. Бұл күнге ерекше мəн-мағына беріледі, өйткені болашақтың дін мен руханиятсыз мəні жоқ",-деді.

Тегтер