Қар 25, 2021 19:13 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан арасында екіжақты әскери келісімшартқа қол қойылды

Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі: "Өзбекстан мен Қазақстанның Қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты кеңейту туралы екіжақты келісімшартқа қол қойды",-деп мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 20 тармақтан тұратын бұл келісімшартқа қол қою рәсімі Қазақстанның Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов бастаған қазақ делегациясының Өзбекстанға сапары аясында өтті.

Тараптар, сондай-ақ, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективасы, әскери дайындық, ортақ әскери жаттығулар өткізу, соғысқа дайындық саласында тәжірибе алмасу және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында 2022 жылға арналған екіжақты әскери бағдарлама 20 тармақтан тұрады.

Тегтер