Қар 28, 2021 02:03 Asia/Almaty
  • Қазақстанда парсы тілінен олимпиада өтті

Алматы қаласында студенттер арасында парсы тілінен олимпиада өтті.

26 қараша күні қалыптасқан дәстүрмен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы мен Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени орталықтың ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы ЖОО парсы тілін екінші тіл ретінде меңгеретін студенттер арасында тілдік олимпиада болып өтті. 

Олимпиаданы шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, қауым.проф. м.а. А.М.Жалалова ашып беріп, қазіргі кезде Иран мен Қазақстан арасындағы байланыстың дамуына, парсы тілінің маңыздылығына тоқталып, университетте парсы тілін оқып жатқан студенттерді қолдап, көмектесіп жатқан Иран мәдени орталығы директорына алғыс айтты. Сондай-ақ Алламе Табатабайи университетінің ұстазы (Иран)  PhD О. Изади, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздары PhD Ғ.Ә. Қамбарбекова мен PhD  Б.Батырхан сөз сөйлеп, олимпиадаға қатысып отырған студенттерге сәттілік тіледі.

Парсы тілі олимпиадасы

 

          Білімін сынаққа салған зерделілер сайысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті студенттері қатыстып, бақ сынады. Әділқазылар алқасының шешімімен ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар марапатталып, әрқайсысына ақшалай сыйақы берілді.

1-орын: Бекмурзина А.А. 1-курс студенті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

2-орын: Қилыбаева Г. К. 1-курс студенті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

3-орын: Абдрахман Р. А. 1-курс  студенті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

 

Ынталандыру сыйлықтарымен марапатталған студенттер:

 

Реймбаев Шариф – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Базарбайқызы Аяжан – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 

Базарова Нукулжан – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Джумабаева Нурджемал – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

           

Парсы тілі олимпиадасы

 

Осы олимпиаданың өтуіне демеушілік жасаған Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени орталықтың директоры Әли Акбар Талеби Матинге және әділқазылар алқасының мүшелері Алламе Табатабайи  университетінің ұстазы  (Иран)  PhD О. Изадиге, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстазы PhD Ғ.Ә. Қамбарбековаға  университет атынан алғыс хат табысталды. Олимпиадаға қатысқан студенттердің барлығына Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени орталық тарапынан сертификат берілді. 

 

Р.Садықова

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұстазы

Тегтер