Қаң 13, 2022 23:02 Asia/Almaty
  • Ресей күштері Қазақстаннан шығарылады

Ресей Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні осы ел басқарған бітімгер күштердің Қазақстаннан шығарылатынын хабарлады.

Қазақстандағы тынышсыздықтардан кейін ел Президентінің өтінішімен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ресей бастаған 2030 сарбазы ел территориясына орналасты.

Бейсенбі күні таңертең Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерін шығарып салу рәсімі өтті.

Коалициялық күштердің қолбасшысы генерал Андрей Сердюков осы рәсімде: "Бітімгерлік миссия аяқталды. Бітімгер күштер өз міндеттерін атқарды",-деді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер күштері 10 күннің ішінде Қазақстан территориясынан шығарылады.

Тегтер