Қаң 17, 2022 21:08 Asia/Almaty
  • Назарбаевтың жақындары қызметтерінен босатылып жатыр

Қазақстанның тұңғыш прездентінің туыстары өз қызметтерінен босатылып жатыр.

«ҚазТрансОйл» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Димаш Досанов 2022 жылы 14 қаңтарда отставка кету туралы өтініш беріп, өз қызметін уақытынан бұрын аяқтады.  

Димаш Досанов – Қазақстанның тұңғыш президентінің кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.

«ҚазГаз» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің 2022 жылы 14 қаңтарда қабылдаған шешіміне сәйкес, Қайрат Шәріпбаев осы компанияның басшысы қызметінен өз өтініш бойынша уақытынан бұрын босатылды.

Қайрат Шәріпбаев – Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Назарбаеваның күйеуі Тимур Кулибаев өз өтінішімен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директорлар кеңесін басқарудан бас тартты.

Тимур Кулибаев 2013 жылы қыркүйек айынан бастап осы лауазымда қызмет атқарған.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстанның тұңғыш президентіне жақын туыстарды қызметтен босату осы елде болған соңғы наразылықтардан кейін орын алып жатыр.  

Тегтер