Қаң 20, 2022 18:10 Asia/Almaty
  • Қазақстанда жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қазақстан Президенті Ұлттық гвардия қолбасшысын елдің жаңа Қорғаныс министрі деп таныстырды.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бір жарлыққа қол қойып, елдің Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қызметінен босатып, оның орнына Руслан Жақсылықовты тағайындады.

Жақсылықов бұған дейін 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары əрі Ұлттық гвардия қолбасшысы лауазымында қызмет атқарған.

Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген, Алматының əскери училищесі мен Мəскеудің Фрунзе атындағы əскери академиясын бітірген. 

Тегтер