Қаң 22, 2022 17:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан Еуропарламент қарарына наразы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің елдегі соңғы тәртіпсіздіктерге қатысты қарарын біржақты және шындыққа жанаспайтын деректерге негізделген деп бағалады.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Қазақстандағы қаңтардағы қайғылы оқиғаларға объективті баға берілмеуі алаңдаушылық туғызады. Мұндай құжаттарды бекітуге жол берілмейді деп санаймыз. Еуропарламент депутаттары қарар жобасын әзірлеген кезде Қазақстан билігінен нақты мәлімет сұраған жоқ»,- деп айтылды.

Еуропарламент Қазақстандағы, әсіресе, Алматыдағы соңғы тәртіпсіздіктерге байланысты қарар қабылдады. Қарарға сәйкес, жергілікті билік Ресей әскерлерінің Қазақстанға кіруіне әкеліп соқтырған бірқатар өрескел заң бұзушылықтарға жол берген.

 

Тегтер