Ақп 19, 2022 15:06 Asia/Almaty
  • Алматы қаласы шетелдік студенттерге таныстырылды

ҚазҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқитын ауған жастары пандемияға орай Қазақстанға келе алмай, онлайн жүйесінде оқып жатыр.

Олар Қазақстан туралы, білім мен ғылымның ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туралы көп білгісі келеді. Кең байтақ қазақ жері мен Алматы қаласын таныстыру – менің міндетім. Ауған тобына куратор болғандықтан олармен тығыз байланыстамын. Бұл топтарда оқу үрдісімен қатар, тәрбие жұмыстары да жүргізіліп отырады. Шетелдік ауған тыңдаушыларына Алматыға қатысты дайындалған бейнероликті көрсете отырып, әсем қаланың тарихы мен табиғаты жөнінде кураторлық сағат  өткіздім. Тыңдаушылардың танымдық қабілетін арттыру, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету мақсатында Алматы қаласы туралы бейнероликтер көрсетіп, сұрақ-жауап арқылы жұмыстар жүргіздік. Тәрбие сағаты тыңдаушыларымның жүрегіне жетіп, көңілдерінен шықты деп үміттенемін.  

Алматы

Оразбекова Н.Ж.

ЖОО-на дейінгі білім беру факультетінің

математика пәнінің оқытушысы

 

Тегтер