Нау 19, 2022 18:34 Asia/Almaty

Иран мен Қазақстан халқының ортақ мерекесі Наурыз мерекесіне және екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастың 30 жылдығына орай осы елдің Ұлттық кітапханасына кітаптар сыйға тартылды.

 

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Ұлттық кітапханасының жауапты қызметкерлері, ирантанушылар, профессорлар мен Алматыдағы жоғары оқу орындарының парсы тілін меңгерген студенттері қатысқан салтанатты шарада ИИР Алматыдағы Бас консулдығы сыйға тартқан кітаптардың тұсауы кесілді.

Қазақстан Ұлттық кітапханасының директоры Бақыт Жамал Османова ханым Иран мәдениеті, өркениеті мен әдебиетіне сілтеме жасай отырып, ирандық құнды кітаптардың сыйға тартылуын жоғары бағалап: «Мәдениеттің, өркениеттің байлығы мен екі ел арасындағы кең ауқымды тарихи байланыс Иран мен Қазақстанның екі халқын жақындастырады, сонымен қатар студенттер мен ирандық мәдениетке қызығушылық танытатындардың білімін арттырып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытады.

ИИР-ның Қазақстандағы Алматыдағы бас консулы Мохсен Фағани  Иран мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынастың 30 жылдығымен құттықтап, Наурыз мерекесінің ортақ сыйы ретінде бейбітшілік пен достықтың Наурыз мейрамында кеңейе түсуіне үміт білдірді.   

 

Тегтер