Maм 08, 2022 23:27 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы конституциялық реформа туралы референдумға шолу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметі көптеген қиындықтардан кейін Конституцияға өзгертулер енгізуді көздеп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен қаңтарда Ресейдің көмегімен басылған Қазақстанның 20 ірі қаласында өткен кең ауқымды наразылықтардан кейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конституциясын өзгертуге талпынуда. Қаңтар айындағы Қазақстанның 20 ірі қаласында өткен наразылықтардың  басылуымен шетелдік, әсіресе АҚШ пен оның аймақтағы және әлемдегі одақтастарының араласуы анықталды. Нұрсұлтан үкіметі алдымен өз үкіметіндегі жемқорлар мен жағымсыз элементтерді анықтап, жоюға тырысты. Қазақстан егемендігінен жағымсыз элементтерді алып тастау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық отбасы мүшелері мен жақындары, сондай-ақ оған қатысты адамдар міндеттерінен босатылды.  Назарбаевтың отбасының кейбір мүшелері, мәселен, Қоршаған ортаны қорғау ұйымын басқарған кіші  қызы, оны биліктен кетіру туралы бұйрық шықпастан бұрын, өз еркімен қызметінен кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы арман-мақсатын жүзеге асыру үшін Қазақстан Конституциясына да өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Ол соңғы сұхбаттарында халық өкілдері кіретін заң шығарушы органға арнайы өкілеттік беруді көздейтінін үнемі айтып келеді. Осыған байланысты Қазақстан Президентінің Жарлығымен конституциялық референдумды өткізу күні 5 маусым болып белгіленді. Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығына қол қойған кезде: «27 жыл бұрынғы референдумнан кейін – қазіргі Конституция қабылданған кезде – барлық конституциялық түзетулер Парламентте қабылданды»,- деді. Тоқаев Парламентке көбірек өкілеттік беруге баса назар аударды.   Осындай жүйені құру арқылы ғана мемлекеттік институттардың серпінді тепе-теңдігі қамтамасыз етіліп, Қазақстанның тұрақты дамуына жәрдемдеседі.

 

Тегтер