Maм 16, 2022 20:52 Asia/Almaty
  • Қазақ әйелдері зейнетке шығу жасын ұлғайтуға наразылық білдірді

Қазақстанда әйелдер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға наразылық ретінде 4 қалада митинг өткізді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның төрт қаласы – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе мен Қостанайдың тұрғындары әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуді сұрады.

Бұл бейбіт митинг ресми басшылардың рұқсатымен «Қазақстан әйелдерінің зейнетке шығу жасын төмендету қозғалысы» тақырыбында өтті.

Митингке қатысушылар Қазақстан әйелдерінің зейнетке шығу жасын 58 жасқа түсіруді сұрады.

Айта кету керек, 2027 жылға дейін Қазақстанда әйелдер мен ерлер бірдей 63 жаста зейнетке шығатын болады.   

Қазіргі таңда Қазақстанда жыл сайын әйелдердің зейнетке шығу жасы 6 айға ұзарып отырады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 2 млн-нан аса зейнеткер бар.

Тегтер