Maм 17, 2022 14:23 Asia/Almaty
  • Қазақстан  делегациясы Шахид Раджаи портын аралады

Қазақстанның «Ақтау ұлттық теңіз сауда порты» компаниясының басшысы Иранның оңтүстігіндегі Шахид Раджаи портының әртүрлі бөліктерін, оның ішінде контейнер, транзит, жабдықтар бөліктерін аралады және даму жоспарларымен танысты.

 

Құрамында Ақтау ұлттық теңіз сауда порты компаниясының басшысы  кірген төрт адамдық делегация Шахид Раджаи порты арнайы экономикалық аймағына кіріп, Иранның осы маңызды сауда портының қуаттары, нысандары мен дамуын жіті бақылады. Хормозган облысының порттар және теңіз істері жөніндегі бас директоры Алиреза Мұхаммади Караджи Ран  және  Хормозган порттары  және экономика істері директорының орынбасары Мансур Хорамшкух   сапар барысында  4 адамнан тұратын қазақстандық делегациямен  бірге болып, қазақстандық бидай транзиті үшін Шахид Раджаи портының нысандарын талқыға салды. Бірлескен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және жүк тасымалы мен транзитінің стратегиялық дамуы туралы келіссөздер Қазақстан темір жолы делегациясының Иран экономикасының алтын қақпасы ретіндегі Шахид Раджаи портын екі сағат аралауының  тағы бір бөлігі болды. Одан кейін Қазақстан делегациясы Иранның Систан және Белучистан облысындағы Чабахар портына бару үшін Бандар Аббастан аттанды. Чабахар, Амирабад, Нека (Мазандаран облысы) және Анзали (Гилан облысы) порттарын аралау қазақстандық делегацияның Иранға сапарының тағы бір тақырыбы.