Maм 18, 2022 20:51 Asia/Almaty
  • Чабахар - Қазақстандағы сауда және транзит үшін бірегей мүмкіндік

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белучистан порттары мен теңіз басқармасының басшысы: «Чабахар – бұл стратегиялық порт арқылы ашық суларға жақсы шығу үшін ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның саудасы мен транзитінің таптырмас мүмкіндігі»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Насер Раванбахш  сәрсенбі күні Чабахардағы Қазақстанның Ақтау портының басшысы  Абай Түрікпенбаевпен кездесуінде: «Иран-Қазақстан сауда алмасуындағы Ақтау және Құрық порттарының маңыздылығын және Чабахар портының стратегиялық жағдайын ескере отырып, бұл қуатты екі ел арасындағы тасымалдау және транзиттік ынтымақтастықты дамыту үшін оңтайлы пайдалануға болады»,- деп мәлімдеді.

Ақтау портының басшысы  Абай Түрікпенбаев те бұл кездесуде:  Ақтау портының басшысы Абай Түрікпенбаев Чабахардың Азия арасындағы байланысты нығайтуға әлеуеті зор екеніне тоқталып: «Солтүстік-Оңтүстік дәлізін белсендіру үшін транзитпен байланысты әртүрлі секторлар арасындағы үйлестіруді арттыру қажет»,- деді.

Систан және Белучистан порттары және теңіз істері бас басқармасының порт істері министрінің орынбасары Хосейн Шахдади де: «Чабахардағы Шахид Бехешти порты мұхиттағы кемелерді байлау мүмкіндігіне ие және Иранның еркін экономикалық аймақтарының бірі болып саналады»,- деп айтты.

Ақтау портының басшысы Түрікпенбаев бастаған Қазақстанның порт-экономикалық делегациясы Иранның теміржол және көлік саласының өкілдерімен бірге Чабахар портының инфрақұрылымын аралады.