Maм 28, 2022 19:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді

Қазақстан Сенаты Қырғызстанға әскери көмек көрсету туралы келісімді мақұлдады.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Қазақстанның көршілес Орталық Азиядағы қауіпсіздік қатерлерінің күшеюіне байланысты Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Келісімге сәйкес, Қазақстан Қырғызстанның Кой-Таш аймағына әскери техниканы автокөлікпен жеткізу ақысын төлейді. Қырғызстан да алған әскери мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланады және оны үшінші тұлғаларға бермейді және ТМД-ға мүше мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды. Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары: «Осы уақытқа дейін екі елдің 300 мыңнан астам әскері Қазақстанда дайындықтан өтіп, басқа да іс-шараларға қатысты»,- деді.

 

Тегтер