Маусым 23, 2022 20:58 Asia/Almaty
  • Қазақстанның шекара қызметінің бұрынғы басшысы қамауға алынды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің шекара қызметінің бұрынғы бастығының ұсталғанын хабарлады.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл комитеттің төрағасының орынбасары әрі елдің шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановтың қамауға алынғанын хабарлады. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәлімдемеде Ділмановтан бөлек, бұрынғы және қазіргі шекарашылардың бірқатары ұсталған. Олар Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара бекеттерінде қызметтік бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеуді Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр. Ділманов 5 сәуірде Қазақстан президентінің жарлығымен шекара қызметі директоры лауазымынан босатылды.