Маусым 24, 2022 14:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Катар экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттады

Қазақстан мен Катар басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін қуаттады

 

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Катардың Сауда және өнеркәсіп министрі Мұхаммад бен Хамад әл-Тани кездесіп, сауда-экономика, инвестиция, мәдениет және гуманитарлық салаларда қол жеткізілген  уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.   Кездесуде сондай-ақ қазіргі әлемдік нарық жағдайындағы экономикалық әртүрлілік, көлік секторы мен логистиканы дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы қарастырылды. Катардың Сауда және өнеркәсіп министрі Қазақстанмен авиация және туризм саласында ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

 

Тегтер