Маусым 27, 2022 18:27 Asia/Almaty
  • Қазақстандықтар ​​электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын көздердің үлесін арттыруға бел байлады

Қазақстан 2050 жылға қарай электр қуатын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 50 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Қазақстанның электр энергиясын өндіру құрылымына 70% көмір, 20% табиғи газ және 3% жаңартылатын энергия кіреді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің энергетика министрлерінің екінші отырысында Қазақстан Энергетика министрінің бірінші орынбасары Мұрат Жүребеков мәлім етті.

ҚР энергетика вице-министрі  «Біз парниктік газдар шығарындыларын 15 пайызға азайтып, 2030 жылға қарай электр қуатын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергияның үлесін 15 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз», - деді.

2050 жылға қарай Қазақстанның жалпы энергия тұтынуының кем дегенде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздерінен алынады деп күтілуде.

 

 

 

Тегтер