Шіл 04, 2022 16:45 Asia/Almaty
  • Қазақстан Өзбекстанның Қарақалпақстандағы жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі іс-әрекетін қолдады  

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Нұр-Сұлтанның Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі шешімдерін қолдайтынын мәлімдеді.  

 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Өзбекстан – Қазақстанның бауырлас ел, сенімді одақтасы және стратегиялық серіктесі. Сондықтан тату әрі көршілес елімізде болып жатқан соңғы оқиғалар Қазақстанды алаңдатып отыр. Біз Өзбекстан жоғарғы басшылығының Қарақалпақстандағы жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі шешімдерін құптаймыз және қолдаймыз. Ең маңызды саяси оқиға – конституциялық реформа бойынша референдум қарсаңында бауырлас Өзбекстанда бейбітшілік пен тыныштық орнайтынына сенімдіміз»,- деп айтылды.

Өзбекстан ресми өкілі жексенбі күні Қарақалпақстан автономиялық елінің астанасындағы толқулардан кейін мыңдаған адамның ауруханаға түскенін хабарлады. Өзбекстан Президенті халық талқылауына қойылған бұл конституция жобасының әлі мақұлданбағанын, ол азаматтардың тілектері, ұсыныстары мен пікірлері негізінде өзгертіліп, аяқталатынын айтты. 

 

Тегтер