Қаз 01, 2022 21:08 Asia/Almaty
  • Түркиядағы «Шекарасыз бауырластық-1» оқу-жаттығуына қазақстандық жауынгерлер  қатысты

Қазақстандық әскерилер Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Пәкістан әскери күштерінің қатысуымен өткен «Шекарасыз бауырластық-1» атты алғашқы бірлескен оқу-жаттығуына қатысты.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл оқу-жаттығу түрік армиясының арнайы күштерінің орталығында өтті және қазақстандық сарбаздар бұл оқу-жаттығудың әртүрлі бөлімдеріне, атап айтқанда, операцияларды жоспарлау, арнайы барлау операцияларын жүргізу үшін тактикалық әрекеттер орындау, жақын ұрыс және қалалық жағдайдағы ұрыс қимылдары, нысандарға шабуыл жасау және оның сақшыларын жоюға және тактикалық топты әуе арқылы эвакуациялауға қатысты. Сонымен қатар, осы оқу-жаттығу аясында дыбыс жүйесі бар кешенді тренажерларда әскери-медициналық дайындық және алғашқы медициналық көмек көрсету және жаралыларды ұрыс даласынан эвакуациялау бойынша шұғыл іс-шараларды орындау жүргізілді. Сондай-ақ, осы оқу-жаттығу аясында «Аэродинамикалық құбыр» тренажерінде және виртуалды бағдарламалық жүйелерде десантшыларды дайындау бағдарламасы өткізілді.