Қаз 03, 2022 17:27 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранмен сауда қатынасын дамытуды қалайды

Ирандағы Қазақстан елшісі өз елінің Теһранмен сауда қатынасын дамытуды қалайтынын мəлімдеді. 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Асхат Оразбай Горганда Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың басталған күнін атап өту шарасында сөйлеген сөзінде 30 жылда екі ел қатынасының жақсы дамығанын айтып: "10 күннен кейін Иран Президенті Қазақстанға ресми сапармен барады деп күтіп отырмыз. Бұл сапар сəтті болады деп үміттенеміз",-деді.

Қазақстан елшісі сондай-ақ екі ел арасындағы сауда айналымы көлеміне тоқталып: "Қазақстан мен Иранның сауда айналымы айтарлықтай артты. Иранның Қазақстанға инвестиция салуы биылғы үш айда былтырғы осындай мерзіммен салыстырғанда 5 есе өсті",-деді.

Асхат Оразбай сондай-ақ жақын болашақта екі ел арасында ортақ ғылыми зерттеу орталығы ашылатынын хабарлады.