Қаз 06, 2022 18:10 Asia/Almaty
  • Тоқаев президенттік сайлауға үміткер ретінде таныстырылды

Қазақстанның ұлттық еріктілер желісі мен азаматтық бірлестік осы елдің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер ретінде таныстырды.

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау биыл 20 қарашада өтеді.

Қазақстанның ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Ким бейсенбі күні: «Қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау елде болып жатқан ауқымды реформаларды жалғастыру үшін қажет»,-деп мәлімдеді.  

Қазақстанның ұлттық еріктілер желісінің 26 мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына оң дауыс берді.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда үш адам кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді. Қазақстан «Аманат» кәсіподақтар одағынан экономист Мейрам Қажыкен, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабай және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Нұрлан Әуесбаев ұсынылды.

Қазақстанда үміткерлікке тіркелу 23 қыркүйекте басталды. Президенттікке үміткерлер 2/118 мың қол жинап, халықтың сеніміне ие болуы керек.

Сайлауалды науқаны 21 қазанда басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. 19 қараша үнсіздік күні болады.  

Дауыс беру нәтижесін қорытындылау 21-27 қараша аралығында жүзеге асырылады. 27 қарашада сайлауда жеңіп шыққан үміткер жарияланып, қалаулы Президент қызметке кіріседі.

Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан конституциясына ауқымды өзгерістер енгізілді. Ол бойынша Қазақстанда Президент бір кезеңдік 7 жыл мерзімге сайланады.

Тегтер