Қаң 23, 2020 21:40 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясы екіжақты қарым-қатынастағы қайшылықтар туралы келіссөз өткізуге дайын

Иран мен Сауд Арабиясы екіжақты қарым-қатынастағы қайшылықтар туралы келіссөз өткізуге әзірлігін жариялады.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсаль бен Фархан көптеген елдердің эр-Рияд пен Теһран арасында келіссөз өткізуге арағайындық жасауға ұсыныс бергенін айтып: "Сауд Арабиясы Иранмен келіссөздерді бастауға әзір",-деді.

ИИР Президенті кеңсесінің басшысы Махмуд Ваези де кеше Министрлер кабинетінің апталық отырысында Иранның Сауд Арабиясымен байланысын жақсартуға мүдделі екенінн мәлімдеді.

Ваези бұрын эр-Рияд пен Теһран арасында жақсы қарым-қатынас болғанын айтып: "Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасындағы қайшылықтарды шешу аймақтың мүддесіне сай",-деді.

Осы мәлімет бойынша, Иран мен Сауд Арабиясы соңғы айларда екіжақты қарым-қатынастағы қайшылықтарды шешу мақсатында өзара хат алмасты.   

 

Тегтер

Сараптама